Bugin

Ұшақ кешіккен жағдайда қандай шара қолдануға болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұшақ кешіксе, билет құнының бір бөлігі қайтарылады. Бұл жөнінде көлік және жер қойнауын пайдалану мәселесі бойынша Заң жобасын таныстырған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл шара әуе компаниясы тарапынан кемшілік болғанда ғана қолданылады. Мұндай жағдайда жолаушы алдымен әуе компаниясына арыз жазады. Одан нәтиже шықпаса, сот арқылы ақшасын өндіріп ала алады.

«Ұшақ кешіккен кезде, заң бойынша, компания жолаушыларға қандай қызмет ету керегі көзделген. Әуе компаниялары ұшу кестесінде өзгеріс болып, рейс уақыты кешіктірілсе, жолаушылар әр сағатына билет төлемақысынан 3 пайызын қайтаруы керек. Мұндай жағдайда мемлекет оларға айыппұл салады. Бірінші кезекте 200 АЕК, тағы қайталанса 1000 АЕК»,- деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.