Bugin
Алматы қаласында «Сергек» 10 айда 900 мыңнан астам заң бұзу әрекетін анықтады. 2022 жылы қалада 766 «Сергек» камерасы орнатылған, оған қоса 5 034 фото және бейне бақылау камерасы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Биыл соңғы 10 айда «Сергек» 939 029 жол жүру ережесін бұзу ісін тіркеді.
Оның ішінде:
белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 592-бабының 1,2,3-бөліктері бойынша – 394 723:
тыйым салатын бағдаршамға өту, ӘҚБтК-нің 599-бабының 1-бөлігі бойынша – 1 164;
жол белгілерінде немесе жолдың жүру бөлігін таңбалауда көзделген талаптарды сақтамау, ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігі бойынша – 543 142.
Сергек Алматыда 2019 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді.
Қарашаның 25-і күні Алматы қаласының тұрғыны Елжан Түсеев оңтүстік астанада соңғы уақытта 10 балдық кептеліс байқалғанына назар аударды. Оның екі себебі бар екенін айтты: «Сергек» камералары және бағдаршамдағы таймерлер.