Bugin
Астанада ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері қылмыс әлемінің серкесін, қылмыстық топтың жетекшісі мен белсендісін ұстады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл сәуірде елордадағы түнгі клубтардың бірінде криминалды жанжал болып, атыс қаруынан екі адам жарақат алған.
Қолға түскендердің осы қылмыстық оқиғаға қатысы бары анықталып, фигуранттар аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Олар «қамқорлық» көрсетуге және Ақмола облысы бизнесмендерінің арасындағы мүліктік дауды шешуге уәде берген.
Төлем ретінде өңір аумағындағы сомасы 150 млн теңге болатын екі үй мен екі коттеджді өз туысқандарының атына ресімдеуге көндірген.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр және олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.