Bugin

Ұлы Отан соғысы ардагерлері үй кезегінде тұр: Әлі баспана алмаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сенат депутаты Серік Шайдаров елімізде Ұлы Отан соғысының 88 ардагері әлі баспана кезегінде тұрғанын сөз етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Бір оғаш мәселеге назар аударғым келеді. Бүгінде Ұлы Отан соғысының 88 ардагері баспана кезегінде тұр. Бұл ретте 2015 жылы барлық ардагер баспаналы болғаны хабарланған еді. Ардагерлердің көпшілігінің жасы жүзден асып барады», - деді Серік Шайдаров.

Оның айтуынша, егер шара жедел қабылданбаса, олардың көпшілігіне баспана алу орындалмаған арман болып қалады.