Bugin

Солтүстік Қазақстанда ер адам әйелін балталап өлтірген: Не түрткі болды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Қазақстан облысында айуандықпен кісі өлтіру оқиғасы тіркелді. Советское ауылының тұрғыны азаматтық некедегі әйелін балтамен ұрып өлтірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

17 қарашада Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөліміне Советское ауылында 56 жастағы әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Мүрде үйдің кіреберісінде жатқан, сондай-ақ денесінен зорлық белгілері байқалған.

«Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Осы ауылдың 52 жастағы тұрғыны адам өлтірді деген күдікпен ұсталды. Оның айтуынша, 14 қарашада жәбірленушімен бірге алкоголь ішімдіктерін ішікен. Кейін екеуінің арасында жанжал туындаған. Сол кезде ер адам әйелді өлгенше ұрып-соққан», - деп көрсетті ІІМ баспасөз қызметі.

17 қарашада анасының жағдайын білмек болған қызы әйелдің денесін тауып алған.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.