Bugin
Демалыс күндері Қазақстан аумағының солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында ауа температурасының күрт төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сүйенсек, елдің басым бөлігіне арктикалық салқын ауаға толы солтүстік антициклон ықпал етеді, сол себепті күн суытады.
«26 қарашада шығыста, 26-28 қарашада республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералы ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады: қар, жауын-шашын болуы мүмкін. 26 қарашада шығыста, 26-27 қарашада оңтүстік-шығыста қалың қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел 15-28 м/с-ке дейін күшейеді, шығыста бұрқасын, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады» делінген хабарламада.
Түнде батыста ауа температурасы 5-15 градусқа дейін төмендейді. 26-27 қарашада солтүстік-батыста - 20-30 градусқа дейін, солтүстікте - 23-36 градусқа дейін, орталықта - 17-34 градусқа дейін, 27-28 қарашада шығыста - 27-38 градусқа дейін ауа температурасы күрт төмендейді. Ал 27-28 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 5-15-ке дейін, таулы аудандарда -15-20 градусқа дейін ауа температурасы түседі