Bugin

«Зорламақ болды»: Трампқа тағы да айып тағылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америкалық журналист және жазушы Жан Кэрролл АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қарсы жаңа сот ісін бастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, жазушы бұған дейін экс-президентті 1990 жылдары өзін зорламақ болған деп айыптады. Трамп жазушымен кездеспегенін айтып, барлық айыпты жоққа шығарды. Бұған жауап ретінде жазушы жаңа сот ісін қозғады. Бұл жолы саясаткерді оның беделіне нұқсан келтірді деп айыптады.

2020 жылдың желтоқсанында Трамп істі тоқтата тұру туралы өтініш берді. Алайда Кэрроллдың адвокаттары жаңа айып дайындап жатқандықтан, сот Трамптың өтінішінен бас тартты.

Манхэттеннің федералды сотына берген жаңа шағымында Кэрол Трампты кездесу кезінде оны ұрды деп айыптады. Жазушының айтуынша, олар Манхэттендегі Бергдорф Гудман әмбебап дүкенінде жолыққан.