Bugin
АҚШ елшілігі қазақстандықтар үшін виза беруді жеңілдетуді, яғни әңгімелесу процедурасын жоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Виза мерзімін ұзарту қаралып жатқан жоқ. Бұл болашаққа арналған жоспар. Бірақ біз Қазақстан үкіметімен ұзақ мерзімге виза беруді қалай жақсартуға болатынын талқылап жатырмыз. Бірақ бұл екі жақты кіру болуы керек. Біз қазақстандықтарды Америка Құрама Штаттарына, ал америкалықтарды Қазақстанға шақырамыз, бұл елдер арасындағы достық қарым-қатынастардың кепілі болады.
Қазір біз жасап жатқан шаралардың кейбірі визаны күту уақытын қысқартады», - деді Розенблюм.
Сонымен қатар елші АҚШ қауіпсіз болуы үшін виза беру саясатында өте мұқият екенін айтты.
«Нақты пайызды айта алмаймын, бірақ туристік визамен кетіп, сол жерде жұмыс істеп қалған, виза мерзімі біткеніне қарамастан қалған жағдайлар да жиі кездесті. Сондықтан әңгімелесу кезінде біздің консулдар адамдардың заңның сақталуына көз жеткізу үшін өте қиын сұрақтар қояды», - деді ол.