Bugin
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Францияға ресми сапармен барады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қарашада Ресей Федерациясына ресми сапармен барады. Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ, екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.
29-30 қарашада Қазақстан Президенті Францияға ресми сапармен барады. Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.