Технология
Киберқауіпсіздік мамандары танымал Android смартфондарын пайдаланушыларға бес қауіпті әлсіз тұсы жайлы ескертті. Америкалық Google компаниясына кіретін Project Zero баяндамасында сарапшылар анықтаған мәселелер құрылғыны басқаруды толық жоғалтуға әкелуі мүмкін екені айтылған.
«Осы осалдықтардың бірі ядро жадысының бұзылуына, екіншісі физикалық жад мекенжайларына қолжетімділікті ашуға, ал қалған үшеуі виртуалды жадтың физикалық беттерін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз кибершабуылдаушы құрылғылардағы деректерді оқып, жаза алады» делінген хабарламада.
Аталмыш әлсіз тұстар жазда анықталғаны атап өтілді. Көп ұзамай ARM компаниялары қауіпсіздігін жаңартты. Дегенмен сарапшылар анықтағандай, Pixel, Samsung, Xiaomi, Oppo және басқаларын қоса алғанда, бірнеше брендтердің өндірушілері әлсіз тұстарын әлі жоймаған.