Әлем
НАТО Украинаға «қолдан келгенше» Ресейден қорғануға көмектеседі. Бұл туралы The Washington Post басылымының жазуынша, Бухаресттегі НАТО сыртқы істер министрлерінің кездесуі алдындағы баспасөз мәслихатында альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.
Бас хатшының айтуынша, 30 елден келген қауіпсіздік ұйымының мүшелері Украинаға жанармай, генераторлар, дәрі-дәрмек, қысқы құрал-жабдықтар мен дрондарды басып-жаншу үшін құрылғылар жеткізіп жатқанын атап өтті.
«НАТО Украинаға қанша уақыт қажет болса, соған дейін қолдау көрсетуді жалғастырады. Біз айтқанымыздан қайтпаймыз. Одақтастар бұрын-соңды болмаған әскери қолдау көрсетуде, сыртқы істер министрлері де қолдауды күшейтуге келіседі деп күтемін», - деді Столтенберг.
Ол сондай-ақ қыс мезгілі жақындаған сайын, әсіресе Ресейдің Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына шабуылына байланысты көбірек көмек қажет болатынын атап өтті.
«Соғыстардың көпшілігі келіссөздермен аяқталады. Келіссөз үстеліндегі жағдай ұрыс даласында не болатынына байланысты. Сондықтан бейбіт шешімнің мүмкіндігін арттырудың ең жақсы жолы - Украинаны қолдау», - деді Столтенберг.