Bugin

«Қызмет – уақытша, халық – мәңгілік» - Тоқаев

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы ҚР президентін ұлықтау рәсімінде Қазақстан халқын бірліке шақырды, хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Шын мәнінде, еліміз аман болса, жеріміз бүтін, бірлігіміз бекем, мемлекеттігіміз мәңгі болады. Осы құндылықтарды мызғымастай етіп бекіту – қазақтың перзенті, Қазақстанның президенті ретіндегі менің қасиетті парызым», - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы елдің өзіне артқан сенімін абыроймен атқаратынын жеткізді.

«Ашығын айтқанда, қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі. Мен президенттік миссиямды халқыммен бірге алдағы жеті жылда абыроймен атқарып шығамын деп сенемін. Біздің отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір! Сондықтан әрқашан бірге болайық, ағайын!

Еліміз өсіп-өркендей берсін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасасын! Халқымыз жасасын! Халқымыз әрқашан аман болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын!», - деп сөзін қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясының шығарған қорытындысы бойынша, 20 қарашадағы кезектен тыс президент сайлауында кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 81,31 пайыз дауысын жинап, жеңіске  жеткен еді.