Өнім

Ақтөбе: Кәмелет жасына толмағандар дүкенге шабуыл жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбеде кәмелетке толмаған екі бала азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды Bugin.kz поталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

24 қарашада сағат 14:10 шамасында белгісіз екі адам дүкенге кіріп, сатушыны пышақпен қорқытып, кассадан ақша мен әмиян алып кеткен.

Полиция мәліметінше, қылмыскерлердің фотороботы жасалған. Күдіктілер ұсталды, кейін олардың кәмелетке толмағаны анықталды.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі "Қарақшылық" бойынша соталды тергеу басталды.