Bugin

Италияда көшкін жүріп, бірнеше адам жоғалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Италияның оңтүстігіндегі Иския аралында көшкіннен кейін оннан аса адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Көшкін толассыз жауған жаңбыр әсерінен болған. Бірнеше үй қираған. Неаполь префектурасында сәбиі бар отбасының құтқарылғаны хабарланды. Ауа райының қолайсыздығы іздестіру, құтқару жұмыстарын қиындатып жатыр.

Кейінірек Неаполь билігі Казамиччола-Термедегі Майо алаңында әйелдің денесін тапқанын хабарлады. Бұл - құтқарушылар барған алғашқы аудандардың бірі.

Неаполь мэрі Гаэтано Манфреди: «Алғашқы расталған құрбан бар, тағы онға жуық адам із-түзсіз жоғалып кетті», - деді.

8 мың тұрғыны бар Казамиччола-Терме қаласы бұған дейін 2017 жылы тағы бір жер сілкінісін басынан өткерген, сол кезде екі адам қаза тапқан еді.