Bugin

Астанада үй қызметкері гауһар тастарды жымқырған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елордада жұмыс берушінің үйінен гауһар тастарды ұрлаған үй қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, пәтерінен гауһар тастары бар алтын сырғалары ұрланғанын айтып арызданған.

Арызданушы үй қызметкерінен күдіктенетінін жеткізген. Ол хабарландыру сайты арқылы тапқан 43 жастағы әйелдің үйде бір ай жұмыс істегенін айтты. Келіп жүрген уақыттарының бірінде жұмысшы жатын бөлмені жинап жүріп, шкафтан киім-кешек пен сырғаларды ұрлап кеткен.

Жедел іздестіру шарасы барысында ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Оның ломбардқа тапсырған ұрланған зергерлік бұйымдары тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.