Белгілі блогер белгісіз жағдайда қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбедегі танымал блогер, вайнер және КВН-ші қаза болды. Мұрат Бірмағамбетов Марс Откатович және Мура Мариарчи лақап аттарымен танымал болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, ақтөбелік Мұрат Бірмағамбетовті бүкіл қала іздеген. Блогер 19 қарашада үйден шығып, хабарсыз кеткен.

«Блогер, вайнер, әзілкеш, волонтер, Ақтөбе КВН командасының бұрынғы капитаны және қала патриоты - жерлесіміз Мұрат Бірмағамбетов туралы осылай айтуға болады. Қайырымдылық жұмыстарымен де танымал еді. Ол «100 дос» жобасын жасаған. Сол арқылы мұқтаж отбасыларға көмектесті», - деп жазды басылым.

27 қарашада денесі табылған. Алайда қалай қайтыс болғаны жайлы дерек жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61