Bugin

Дәрігер: Тіс ауырғанға бей-жай қарауға болмайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ортопед-стоматолог Рауль Отхозориа тіс ауруларына қатты мән беру керек екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Doctorpiter.ru сайтына сілтеме жасап.

Маман жағымсыз белгілердің негізгі себебі дәрігердің көмегінсіз жойылмайтынын атап өтті.

«Үйде қараған кезде кариес болмаса, бәрі жақсы дегенді білдірмейді. Ауырсыну - бұл денеде бір кемшіліктің бар деген сөз», - дейді дәрігер.

Сарапшының айтуынша, егер ұзақ уақыт бойы ауырғанына назар аудармай, тек дәрі-дәрмек қана қолданып жүре берсеңіз, тіс дерті ушығып кетеді.

«Тіс ауырған кезде патологиялық процесс тістер арасындағы байланыс бетінде немесе қызылиек астындағы аймақта дамуы мүмкін», - деп қосты ол.

Сарапшы мынадай жағдайда тіс дәрігеріне жүгіну керегін атап өтті:

- эмаль реңкі айтарлықтай өзгеруі;

- жақтарды қозғалту кезінде ыңғайсыз болса;

- тіс тазалау кезінде қан кетсе;

- ауыз қуысында неоплазмалар пайда болса, т.б.