ДАМУ
Туристер үшін 2023 жылы әлемдегі 7 қауіпсіз қала белгілі болды. Рейтинг сауалнама және әлем бойынша қауіпсіздік пен қылмыс индекс мәліметтері нәтижесінде құрылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы TraveloffPath.com сайтына сілтеме жасап.
Әлемде қауіпсіз аймақтар жетерлік. Алайда рейтингтегі жеті қала ең қауіпсіз қала статусына ие болған. Саяхатшыларды сақтандыру компаниясы Berkshire Hathway Travel Protection кішігірім зерттеу жүргізген.
1. Рейкьявик, Исландия
Әлемнің ең қауіпсіз қаласы статусын Рейкьявик иеленді. Мұндағы ең қауіпті дүние – көшелерде мұздың қатуы. Мамандар осыған ғана назар аудару керегін айтады.
2. Копенгаген, Дания
Тағы бір скандинавиялық қала әлемнің қауіпсіз қалалары рейтингінде екінші орынға жайғасты. Копенгагенде туристер үшін қауіпті болуы мүмкін нәрсе - қымбатшылық. Бұл аймақ әлемдегі ең қымбат қалалардың бірі екенін айта кеткен жөн.
3. Монреаль, Канада
Монреаль – Солтүстік Америкадан тізімге енген жалғыз қала. Бұл қала - Канадада саяхаттауға арналған керемет жердің бірі. Ол қауіпсіз әрі арт-сахналарымен, музыкалық фестивальдерімен және мәдениетімен танымал.
4. Амстердам, Нидерланды
Амстердамда велосипедшілер қауіпті саналады екен. Бұл қалада велосипедшілер мен жаяу жүргіншілер жиі соқтығысады. Қаланың архитектурасы, тарихы және мәдениеті Еуропаға барған әрбір туристі өзіне тартады.
5. Сеул, Оңтүстік Корея
Сеул Азиядағы ең қауіпсіз қалалар тізімінен түспейді, себебі мұнда қылмыс деңгейі өте төмен. Саяхатшыларды Оңтүстік Корея астанасы тарихи көрнекі орындарға бай мегаполис ретінде және дәстүрімен қызықтырады.
6. Сингапур
Бұл қала – өте қауіпсіз әрі таза. Онда адамдар тығыз орналасқанына қарамастан, көптеген саябақ пен көгалдандырылған аймақ баршылық. Ал әуежайы – әлемдегі ең мықты әуежайдың бірі әрі тым танымал.
Алайда мұнда қатаң заңдарға назар аудару қажет. Рұқсат етілмеген жерден өту, қоқыс тастау, сағыз шайнау заңға қайшы әрекет болып есептеледі. Мұндай жағдайда туриске қомақты мөлшерде айыппұл салынады немесе абақтыға қамалады.
7. Токио, Жапония
Жапония астанасы - қауіпсіздік деңгейі өте жоғары әрі қылмыс деңгейі өте төмен. Мұнда ультразаманауи дәстүрді байқайсыз. Сонымен қатар жарқыраған зәулім ғимараттармен бірге дәстүрлі ғибадатханаларды таба аласыз. Токио –керемет тағамдарымен, сәнімен және ерекше мәдениетімен танымал.