Bugin

Бүгін қай аймақта аяз болады? - Қазгидромет жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін елдің біраз бөлігінде күн ашық әрі аязды болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Дерекке сүйенсек, республиканың басым бөлігі әлі де суық антициклонның ықпалында болғандықтан бүгін күн ашық және аязды болады.

«Атмосфералық ағындардың өтуіне орай республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Қазақстан Республикасының аумағында жел күшеюі мүмкін» делінген хабарламада.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында, түнде Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының таулы асуларында 30 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен жел соғады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61