Әлем

«Халық көтерілді»: Қытайда жаппай наразылықтар болып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жексенбі күні Қытайдың Шанхай қаласының тұрғындары коронавирусқа қатысты шектеулерге қарсы жаппай наразылыққа шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы BBC.com сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Шанхай көшелеріне жүздеген адам локдаунға және қытай билігінің коронавирусқа қатысты басқа да шектеу шараларына наразылық білдіру үшін шыққан.

«Үрімші қаласындағы он адам қаза тапқан көпқабатты үйдегі өрттен кейін бүкіл ел бойынша демонстрациялар басталып, халық көтерілді. Акцияға қатысушылардың пікірінше, өрт болып жатқанына қарамастан, құрбандар қатаң шектеулерге байланысты ғимараттың ішіне қамалған» делінген ақпаратта.

Дерекке сүйенсек, билік Covid-ке қатысты шектеулерді біртіндеп алып тастауға уәде берген. Алайда олар Үрімшідегі өрт кезінде ғимаратта адамдар қалсын деп тапсырма бермегендерін айтады.

Сондай-ақ Қытайда бірнеше күн қатарынан күніне 30 мыңнан астам науқас коронавирус бойынша тіркелген.