Bugin

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы көлігі сатылымға шыққаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұрсұлтан Назарбаев мінген Mercedes-Benz S-Class көлігі сатылымға қойылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kolesа.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктер порталында 1993 жылы шыққан Mercedes-Benz S-Class-тың қызықты көшірмесі табылды. Бұл машина жайлы бірнеше дерек бар. Біріншіден, бұл - сайттағы бағасы 25 млн теңге тұратын ең қымбат темір тұлпардың бірі. Екіншіден, седанның жүгірісі 29 жыл ішінде небәрі 37 930 шақырымды құрайды.

Ең қызығы, қазіргі иесінің айтуынша, бұрын аталмыш көлікті 01 KZ мемлекеттік нөмірін тағып, Нұрсұлтан Назарбаев мінген екен. Хабарландыру авторы сөзін растау үшін тіркеу базасына скриншот салып, Қазақстанның бұрынғы президентінің «Мерседес» жанында түскен мұрағаттағы фотосуретін де жариялаған.

Фото: кolesа.kz

Фото: кolesа.kz