ДАМУ
25-27 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Cello» дауысы халықаралық виолончелистер байқауы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Конкурс-фестивальдің мақсаты: жас дарындарды қолдау, олардың болашағына жол ашу, виолончель аспабында орындалатын Қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен насихаттау. Оқушылардың виолончель аспабындағы орындаушылық шеберлігін арттыру, кәсіби бағыт-бағдар беру.
Байқауға еліміздің жан-жағынан әрі шет елдерден көптеген жас музыкант қатысты. Сонымен қатар байқау барысында танымал музыканттармен мастер-класстар өтті. Байқаудың өтуіне қолдау білдірген – Алматы қаласының әкімдігі. Ұйымдастырушы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Буенбаева Гульмира Жумадиловна.
«Cello дауысы» І халықаралық виолончелистер конкурс-фестивалінің әділқазылар алқасының құрамында болғандар:
1) Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Манас» президенттік камералық оркестрінің солисті және виолончелистер тобының концертмейстері, Қырғыз мемлекеттік консерваториясының және М.Абдраев атындағы мамандандырылған музыка мектебінің виолончель сыныбының ұстазы, алқа төрағасы – Ташибаева Аида;
2) Астана қаласы, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті, халықаралық конкурстардың лауреаты – Кульмаметов Равиль Рахмиевич;
3) ҚР «Мәдениет Қайраткері», К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РОМММИ-ның виолончель, контрабас, арфа бөлімдерінің меңгерушісі – Нуржанова Бибифатима Нугмановна;
4) Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Ахмет Жұбанов атындағы дарындағы балаларға арналған РҚМММИ үрмелі аспаптар бөлімінің меңгерушісі - Исенов Тасмухан Жақсығалиұлы;
5) Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Ахмет Жұбанов атындағы дарындағы балаларға арналған РҚМММИ ішекті аспаптар бөлімінің ұстазы. мектебіміздің "Giovani talents" камералық оркестрінің және симфониялық оркестр дирижері және көркемдік жетекшісі - Буенбаева Гульмира Жумадиловна.