Алдағы үш күнде 43 градусқа дейін аяз болады - Қазгидромет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Қазгидрометке» сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 29-30 қарашада елдің шығыс аймақтарына суық солтүстік антициклон әсер етіп, аяз болады.

«Қазақстанның қалған аумағында аяз бәсеңдейді деп күтіліп отыр. 30 қараша – 1 желтоқсан аралығында елдің басым бөлігінде жауын-шашын әкелетін оңтүстік циклон күшеюі ықтимал. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады, ауа температурасы көтеріледі. Республика бойынша желдің күшейіп, тұман түседі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ, солтүстікте, шығыста, орталықта боран болады.

Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста 10-28 градус аяз, солтүстік өңірлерде 15-25 градус аяз, елдің орталығында 5-20 градус аяз, республиканың шығысында 33-43 градус аяз болады. Осы кезеңнің соңында 20-30 градусқа дейін аяз болмақ. Оңтүстікте 7 градус аяз бен 3 градус жылының арасында, оңтүстік-шығыста 5-15 градустан 0-8 градус аязға дейін болады» делінген хабарламада.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61