Спорт

Комадан шыққан белгілі боксшы үндеу жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққан соң, отандастарына арнап жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz.

Боксшы өзіне қолдау білдірген хабарламалардың скриншотын жариялап, алаңдап, қолдау білдіріп отырған отандастарына алғысын білдірді.

«Осыған ұқсас хаттар көп келген екен, барша қолдап жатқан халқыма рақмет. Алла қаласа, мықты болып ораларым сөзсіз. Алар асуымыз алда», - деп жазды Ербосынұлы.

Еске салайық, 6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілген болатын. Суперорта салмақ санатындағы жекпе-жек WBA-дің «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін өтті. Жекпе-жектен кейін ол шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Оған «миына қан кету» диагнозы қойылды.