Bugin

Терроризмді насихаттаған Теміртау тұрғыны сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттау фактісі бойынша Теміртау қаласының тұрғыны сотталғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«2022 жылғы 21 қарашада терроризмді насихаттау фактісі бойынша Теміртау қаласының тұрғыны «Д.Ш.»-ға қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының айыптау үкімі заңды күшіне енді. Тергеу және сот оның жергілікті тұрғындар арасында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде радикалдық діни идеологияны таратқанын анықтады», - деп хабарлады комитеттен.

Қылмыстық іс материалдары бойынша оның кінәсі толық дәлелденді. Ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Фигурантта ауыр қылмыс жасағаны үшін соттылығы болған.