МӘДЕНИЕТ

Алматыда алғаш рет виолончелистерге арналған «Cello дауысы» І халықаралық виолончелистер конкурс-фестивалі өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

25-27 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Cello» дауысы халықаралық виолончелистер байқауы өтті.

Конкурс-фестивальдің мақсаты: Жас дарындарды қолдау. Олардың болашағына жол ашу. Виолончель аспапбында орындалатын Қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен насихаттау. Оқушылардың виолончель аспабындағы орындаушылық шеберлігін арттыру, кәсіби бағыт-бағдар беру болып табылады.

Байқауға еліміздің жан-жағынан әрі шет елдерден көптеген жас музыканттар қатысты. Сонымен қатар, байқау барысында танымал музыканттармен мастер-класстар өтті. Байқаудың өтуіне қолдау білдірген – Алматы қаласының әкімдігі. Ұйымдастырушы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Буенбаева Гульмира Жумадиловна.

«Cello дауысы» І халықаралық виолончелистер конкурс-фестивалінің әділқазылар алқасының құрамында болғандар:

1. Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Манас» президенттік камералық  оркестрінің солисті және виолончелистер тобының концертмейстері, Қырғыз мемлекеттік консерваториясының және М.Абдраев атындағы мамандандырылған музыка мектебінің виолончель сыныбының ұстазы, алқа төрағасы  – Ташибаева Аида

2. Астана қаласы, Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті, халықаралық конкурстардың лауреаты – Кульмаметов Равиль Рахмиевич

3. ҚР «Мәдениет Қайраткері», К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РОМММИ-ның виолончель, контрабас, арфа бөлімдерінің меңгерушісі Нуржанова Бибифатима Нугмановна

4. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Ахмет Жұбанов  атындағы дарындағы балаларға арналған РҚМММИ үрмелі аспаптар бөлімінің меңгерушісі - Исенов Тасмухан Жақсығалиұлы

5. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Ахмет Жұбанов  атындағы дарындағы балаларға арналған РҚМММИ ішекті аспаптар бөлімінің ұстазы. мектебіміздің "Giovani talents" камералық оркестрінің және симфониялық оркестр дирижері және көркемдік жетекшісі - Буенбаева Гульмира Жумадиловна.