Bugin
Бүгін кешке қарай Қазақстанның 7 өңірінде автокөлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Түркістан облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» тасжолында (Жамбыл облысының шекарасынан Жанкешу ауылына дейін) барлық көлік түрлеріне жүруге тыйым салды.
Шығыс Қазақстанда, Абай және Павлодар облыстарында барлық республикалық тасжолдарда жүк және қоғамдық көліктерге, дизельмен жүретін автомобильдерге қозғалыс шектелді. Жетісу облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Үшарал қаласынан Абай облысына дейінгі шекарасында қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қарағанды облысында «Қызылорда-Павлодар» тасжолында, «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара» тасжолында (Ботақара ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін), «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолында (Бүркітті ауылынан Абай облысының шекарасына дейін) жолға шығуға рұқсат етілмейді.
Ақмола облысында «Астана-Ерейментау-Шідерті» тасжолында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) қозғалыс шектелді.