Әлем
Әлемдегі ең үлкен белсенді жанартау Мауна Лоа оянып, шамамен 40 жыл ішінде алғаш рет атқылады. Соның кесірінен Гавайидің Үлкен аралына және оның айналасындағы суларға күл түсіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы CNN телеарнасына сілтеме жасап.
«Күлдің түсуіне байланысты егістіктер мен жануарларға зияны тиеді. Сондай-ақ жабдықтар мен инфрақұрылымға аздап зақым келуі мүмкін. Сонымен қатар күл айналаны да көрместей етеді. Егер әсері қатты болса, аумақты күлден тазарту қажет», - деді Гавайи мемлекеттік туризм басқармасы.
Бұл Гавайи жанартауы соңғы рет 1984 жылы атқылаған еді. Ұзақ уақыттан кейін енді ғана атқылады.