Bugin

Өскемен: Оқушылар қашықтан оқуға мәжбүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өскемен қаласында мектеп оқушылары аязға байланысты екінші күн қатарынан онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында аяздың беті қайтпай тұр. 29 қарашада түнде облыстың солтүстік-шығысында ауа температурасы 43 градусқа дейін төмендейді.

«Оның ішінде Өскеменде де қатты аяз. Соған орай қала мектептеріндегі бірінші ауысымдағы 0-11-сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді» делінген ақпаратта.

Өзге аудандарда оқушылардың қалай оқитыны туралы ақпарат әлі жария етілмеді.