Bugin
Маңғыстау облысында мұнайшылар Дунга кен орны аумағынан көне қорымды тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жұмысшылар жазуы бар көне құлпытас тапқан. Ол қазір қоршауға алынған.
Қорымның өзі жолдан 30-40 метр жерде, Ақтау-Форт-Шевченко тасжолының 36-шақырымында орналасқан. Бұл жерде мұнайшылардың даладағы кеңсесі бар. Құлпытас сол маңнан қазылған ордан шыққан.
«Бұл олжа археологтарымызға зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі деп сенеміз», - дейді жұмысшылар.