Bugin
Жатар алдында тамақ ішу ұйқыны ашып жібереді. Өйткені асқазан тамақты сіңіре бастағанда, адамның ішкі температурасы көтеріледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Осы саланың маманы, медицина ғылымдарының кандидаты София Черкасова тым кеш ауқаттану және артығымен тойып тамақ ішу - бұл денені түнгі уақытта «күндізгі жұмысымен айналысуға» мәжбүр ететінін айтады.
Ол түннің өзінде мидың да, бүкіл дененің де атқаратын міндеті көп екенін атап өтті.
«Оған қоса, күндізгідей ауқаттанып алсаңыз, тағамды сіңіруге көбірек уақыт бөлген ағза иммунитетті және зақымдалған тіндерді қалпына келтіру, денедегі әртүрлі дисфункцияларды анықтау қызметінен ауытқиды. Соның салдарынан ұйқы қашады»-, дейді София Черкасова.
Дәрігердің айтуынша, адам ұйықтап кетуі үшін оның ішкі дене температурасы шамамен 0,2 градусқа дейін төмендеуі керек.