Өнім

Қазақстандағы Ресей азаматтарының саны қанша?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: stan.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ресейде ішінара жұмылдыру жарияланғаннан бері Қазақстанға қанша ресейлік келіп-кеткенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Күн сайын алмасатын жедел деректерге сәйкес, 400 мыңнан аса ресейлік келді, 320 мыңнан астамы кетті. 100 мыңға жуық ресейлік әлі де осында. Еңбек мигранттары туралы айтатын болсақ, өткен жылдарды қоса алғанда, Қазақстанда 22 мың ресейлік бар», - деді Дүйсенова үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ресейліктердің Қазақстанға жұмысқа орналасуына шектеу қойыла ма деген сұраққа жауап берген болатын.