ДАМУ

Табыс көзі аз болған жағдайда ақшаны қалай жинаған дұрыс?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Табыс көзі аз болған жағдайда ақшаны дұрыс жинау жолын Klopenko Group инвестициялық компаниясының негізін қалаушы Егор Клопенко «Прайм» агенттігіне берген сұхбат барысында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оның айтынша, кез келген адамда жинақтың болуы өзінің және отбасының қауіпсізігін қамтамасыз етеді. Ал белгілі бір жинақтың болуы табыс көзіне байланысты емес. Жалақы мөлшеріне қарамай ақшаны дұрыс жинауға болады.

«Біріншіден, табыс аз болса да, кіріс мөлшерінен белгілі бір соманы жинау керек. Ол жалақының 5-10 проценті болуы да мүмкін. Ай сайын болашаққа деп шегерілген аз сома да үлкен жинаққа айналады. Ең бастысы – айына  жалақының 10 процентін жинауды жөн көрсеңіз, келесі айда дәл осы жоспарды ұстаныңыз», - деді Клопенко.

Сондай-ақ, маман брокерлік есепшот ашып, ақша салып тұруға кеңес берді. Бұл ретте қаржыгер жинақтарды әртараптандыру қажет екенін атап өтті. Ақшаның  бір бөлігін  долларға айналдыру, бір бөлігін еурода немесе бағалы шетелдік қағаздарда сақтау  болса, енді бір бөлігін ұлттық валютада жинақтау керек.

Маман психологиялық тұрғыдан оңай және ыңғайлы болуы үшін кіріс түскен бойда қаржыны жоспарлау керек екенін алға тартты.

«Ақшаны дұрыс жинау жолында банктен жеке шот ашқан дұрыс. Бұл ретте сіз өзіңіздің ақшаңызды жоспарсыз жұмсамай, психологиялық тұрғыда жинақ соманы толтыруға тырысасыз», - деді ол.