Bugin
Жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт өмірден озды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Болмысы бекзат, бітімі бөлек, жазуы ерек, жаны жайсаң, алашқа ардақты, қалың қазаққа қадірлі қаламгер Мархабат ағаны ақтық сапарға, мәңгілік мекеніне шығарып салдық. Қаралы қауымға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көңіл айту сөзін жеткіздім», - деп жазды Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook парақшасында.
Мархабат Байғұт 1945 жылы 25 мамырда Түркістан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы аудандық, облыстық басылымдарда, облыстық партия комитетінде жауапты қызметтер атқарған. Жазушының «Шілде», «Нәуірзек», «Қорғансыз жүрек», «Серт пен сенім» және тағы да басқа кітаптары жарық көрген. Оның шығармалары орыс, украин, өзбек, түрік, қарақалпақ, саха тілдеріне аударылған. Сонымен қатар, қаламгер В.Шукшиннің, Ю.Покальчуктің, Ш.Айтматовтың шығармаларын, У.Ирвингтің Мұхаммед пайғамбар туралы кітабын қазақ тіліне аударған.