Әлем

Қытай аралдарына АҚШ зымыраны шабуыл жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай халық-азаттық армиясы Оңтүстік Қытай теңізіндегі Наньша аралдарына америкалық зымыран крейсерінің заңсыз шабуылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Global Times сайтына сілтеме жасап.

Қытай халық-азаттық армиясының оңтүстік аймағының қолбасшылық өкілі Тянь Дзюньли АҚШ әскери күштерінің әрекеті Қытайдың егемендігі мен қауіпсіздігін бұзды деп мәлімдеді. Қытай армиясы мұны Вашингтонның навигациялық гегемония мен Оңтүстік Қытай теңізін милитаризациялауға деген ұмтылысының дәлелі деп санады.

АҚШ Chancellorsville крейсерінің Қытайдың аумақтық суларына басып кіруі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Флоттың Twitter-дегі аккаунты кеменің халықаралық құқық нормаларына сәйкес келгенін айтады.

Бұған дейін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин АҚШ президенті Джо Байденмен кездесуде қарым-қатынаста «қызыл сызықты» белгілеген болатын.