Технология

Kaspi қосымшасына жаңа функция енгізілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұдан былай қателесіп, басқа адамның Kaspi Gold-ына ақша жіберіп қойсаңыз, Kaspi.kz арқылы кері қайтару туралы өтініш бере аласыз. Ол үшін Аударым- Тарих - Қажетті түбіртекті таңдау - Қайтаруды өтінуді басу керек, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

 «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР заңы бойынша аударымды алушының келісімімен ғана қайтаруға болады. Оған ақшаны қайтаруды өтінген хабарлама келеді. Алушы 7 күннің ішінде қайтара алады», - делінген қосымшада.

Шот бұғатталған болса, ақша шешілген соң ғана қайтарылады.

«Егер осы уақытта ақша қайтарылмаса, құқық қорғау органдарына жүгіне аласыз. Сот өкілінің ресми сұратуы бойынша ғана біз алушының деректерін ашып, сотқа бере аламыз», - деп көрсетілген.