Bugin
«Каспий нефть» AҚ-ның жалғыз акционерi Тимур Құлыбаев өзiне 35,6 млрд теңге көлемiнде дивиденд төлеу туралы шешiм қабылдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан қор биржасы (KASE) сайтына сілтеме жасап.
Бiр жай акция құны 356 мың теңге тұрады. Дивидендтер 2022 жылдың 21 қарашасынан бастап төлене бастады. Сол құжатқа сәйкес, ақшалай дивиденд компанияның жалғыз акционерi «Joint Resources» АҚ есеп айырысу шотына түседi.
«Joint Resources» AҚ-ның иeci - Тимур Құлыбаев.