Bugin

Мемлекеттік телеарна эфирінде түкірген депутатқа айыппұл салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекеттік телеарна эфирінде сөйлеп тұрып, жерге түкірген мәжіліс депутаты Ерлан Саировқа айыппұл салынды. Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасы хабарлады. 

Тікелей эфирде тележүргізуші мен депутат Екібастұз қаласындағы жағдайды талқылаған. Сол кезде Ерлан Саиров көшеде жерге түкірген.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, видеоны зерттеп, нәтижесінде шенеунікке айыппұл салған.

«Жалпы пайдалану орындарының ластану фактісі бойынша осы азаматқа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметі. 

Айыппұл 15 315 теңге көлемінде болады.