ДАМУ

«Құдайдан көмек сұрамаңдар!»: Атақты адамдардың ажал алдында айтқан ақырғы сөздері

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адам өмірінің соңғы сәттері қалай боларын ешкім білмейді. Ең ақырғы әрі қорқынышты кезде не айтып үлгеретіні де белгісіз. Ал әлемге танымал тұлғалардың жан тәсілім етер шақта айтқан соңғы сөздері қандай екенін білесіз бе? Bugin.kz тілшісі осы жайлы 5 тізімді ұсынады.

Джоан Кроуфорд

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Ауруханада қатерлі ісіктен қайтыс болғалы жатқан әйгілі кино актрисасы өзі үшін дұға еткелі жатқан дін қызметкерлерін тыйып тастаған. Ол бұйырған тағдырдың жолымен жүргісі келіп, соңғы рет "Құдайдан маған көмектесуін сұрамаңдар!" деп айтады. Осы сөзден кейін жантәсілім етеді.

Леонардо Да Винчи

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Ұлы Леонардо соңғы сөздерін өте батыл түрде айтып өтті. "Менің туындыларым сапалы әрі шебер деңгейге жетпегендіктен, Құдай мен адамзатқа тіл тигіздім" деген... Бар әлемді "Мона Лизасымен" таң қалдырған автор мұны шынымен айтты ма екен?! Кім біледі...

Альберт Эйнштейн

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Ұлы ғалымның дүниеден өтерге дейін айтқан соңғы сөздері ерекше еді. "Өмірді жасанды түрде сүре беру қызықсыз ғой. Мен жердегі міндетімді орындадым. Уақытым келді. Енді осы сәтті талғаммен қарсы аламын!" деді ол. Атақты физиктің ақырғы сәті расымен де өзі айтқандай болған еді.

Эрнесто "Че" Гевара

Фото: fishki.ne

Фото: fishki.ne

Латынамерикалық революционер бұ дүниеден өтер кезінде ажалына бетпе-бет келген. Дәлірек айтсақ, оны өлтірмек болған боливиялық сарбаз Марио Теранға: "Сен мені өлтіруге келгеніңді білемін. Ат, қорқақ! Сен, бар болғаны, адам өлтіресің!" - деген екен.

Карл Маркс

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Бронхит пен плевриттен қайтыс болғалы жатқан Карл Маркс ерекше сөзімен ел есінде қалады. Ол: "Қане, кетіңдер! Соңғы сөзім өз өмірінде жөнді сөйлей алмаған ақымақтарға арналады!" - деді.