Bugin
Бүгін елдің бірнеше қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Дерекке сүйенсек, 2022 жылғы 30 қарашада Астана, Алматы, Көкшетау, Павлодар, Петропавл және Риддер (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Өскемен (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады.
«Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы» делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.