Әлем

Жас жігіт өзін өртеп жіберіп, велосипедпен трюк жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оқиға Беларусияның Речица қаласында болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

25 қарашада қала орталығында, дәлірек айтсақ, Пролетарская көшесінің бойындағы тарихи-өлкетану мұражайының подъезінде жас жігіт өзін-өзі өртеп жіберіп, BMX велосипедін айдамақ болған. Оны достары қайрайды. Ол бұл трюкті екі рет қайталады: алғашында жанып жатқан күртешемен велосипед айдады, бірақ екінші мәрте «батыр» қар үйінділеріне жүгірумен шектелді.

Жігіттің жарақат алған-алмағаны белгісіз. Әлемжеліде тараған видеоның астына пікір жазғандар ол жігітте бәрі жақсы екенін жазған. Десек те, мұндай трюктерді жасау арқылы жігіт денсаулығына елеулі қауіп төндірді.

Дәл осындай оқиға 2018 жылы Минскіде орын алып, блогер лайк үшін өзін және досын өртеп жіберген болатын. Олар 1-ші және 2-ші дәрежелі күйікпен ауруханаға түсті. Одан кейін жас жігіт онша ауыр емес дене жарақатын келтіріп, бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген еді.

Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.