Bugin

Өскеменде қарт әжейді өрттен құтқарған кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өскемен қаласында екі ер адам өртенген жер үйден 74 жастағы әжені құтқарып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі Бажов көшесінде орналасқан жер үйде өрт шыққан.

Үй төбесінің ағаш құрылымдары, шатыры, жиһаз, тұрмыстық техника мен жеке заттар жанған.

«Өрт сөндірушілер келгенге дейін үйдің қасынан өтіп бара жатқан ер адам түтінді байқап қалады. Ол үйдің көршісін оятып, екеуі терезені сындырып, ішке кірген. Бөлмелерді аралап шыққанда қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан 74 жастағы әжені көріп, оны сыртқа алып шығады. Осылайша, олар зейнеткердің өмірін сақтап қалды», - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай жеткен құтқарушылар жалпы ауданы 80 шаршы метрді құраған тілсіз жауды толықтай ауыздықтады.

Жеке құрамнан барлығы 8 адам мен 2 техника жұмылдырылған.