Bugin

ҚР Премьер-министрі Екібастұз қаласына барды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Үкімет басшысы бірінші кезекте қалалық ЖЭО-ға барды.
Сонымен қатар Премьер-Министр жылу желілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысады.

Еске сала кетейік, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған еді.

Кейінірек жылу қазандығының істен шығуына байланысты облыс әкімі бастаған жедел штаб құрылды.

28 қараша таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Жалпылама айтқанда, Екібастұз қаласы бойынша жалпы 422,5 км жылу желілері бар. «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС балансында 342,3 км, олардың тозу деңгейі 91% құрайды.

Екібастұз ЖЭО–да 10 қазандық орналасқан, оның ішінде 5 энергетикалық, 5 су жылыту қазандығы. Екібастұз қаласында 689 көппәтерлі үй және орталық жылумен жабдықтауға қосылған 4 395 жеке үй бар.