Bugin
Қостанай қаласының әкімдігі жаңа жыл мерекесінде шырша орнатып, мұз қалашығын салуға 44,1 млн теңге бөлген. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігінің сауалына жауап берген қала әкімінің баспасөз хатшысы Мәжит Шүленов мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Жаңа жылдық безендіру үшін Қостанай қаласының бюджетінен 44,1 млн теңге қарастырылған. Оның ішінде 27,3 млн теңгеге 22 метрлік бір, 11 метрлік екі шырша, 1 жарық конструкциясына, 10 бірлік жарықдиодтық безендіру құрылғыларына жұмсалады. Ал 16,8 млн теңге мұз қалашық салуға бағытталады. Атап айтқанда, бұл қаражатқа 1 және 4 жолақты екі сырғанақ, бір лабиринт, аяз ата мен ақшақардың мүсіндері салынады», - деген Мәжит Шүленов.
Әкімдіктің айтуынша, 2019 жылы жаңажылдық безендіруге 44 млн теңге жұмсалған. Ал 2020-2021 жылдары пандемияға байланысты мерекелік шаралар болмаған.