Спорт

Футболдан ӘЧ - 2022: Иран құрамасының бас бапкері қызметінен кететін болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Иран құрамасының бас бапкері Карлуш Кейруш қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ирандық футболшылар В тобында сынға түсті. Топтық кезеңде Англиядан 2:6, АҚШ-тан 0:1 есебімен жеңіліп, Уэльстен 2:0 есебімен басым түсті.

Осылайша өз тобында үшінші орынды қанағат тұтқан ирандықтар плей-офф сатысынан тыс қалды.

69-жастағы бапкер 2022 жылы 4 сәуірде аталған құраманың тізгінін ұстаған еді. Ол бапкерлік қызметте 1981 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қазірге дейін Португалия, АҚШ, Жапония, Англияның, Испания клубтарында бас бапкер болды.

Сондай-ақ, Португалия, Біріккен Араб әмірлігі, Оңтүстік Африка, Иран, Колумбия, Египет құрамаларының да тізгінін ұстады.