Спорт

Батыр Жүкембаев бокс кешінің басты кездесуінде жеңіске жетті

Бірінші жартылай орта салмақта өткен кездесу толық 10 раундтан тұрды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Канаданың Монреаль қаласында өткен рейтингтік жекпе-жекте өнер көрсеткен қазақстандық боксшының кездесуі бокс кешінің басты оқиғасы болды.

Жүкембаев шаршы алаңда мексикалық Хильберто Месаға қарсы жұдырықтасты. Былтыр наурызда бұл боксшыдан тағы бір қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайыновтан жеңілген еді.

Бірінші жартылай орта салмақта өткен кездесу толық 10 раундтан тұрды және төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңіске жетті.