Bugin

Тоқаев жылыту маусымына дайындықты тексеру үшін комиссия құруды тапсырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орталық және жергілікті органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құрылатын болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен орталық және жергілікті органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырды», - делінген хабарламада.

Президент жұмысты он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды.

Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.