МӘДЕНИЕТ

«Шертпе күй» дәстүрлі музыкалық фестивалі басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің шаңырағы астында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы оркестрі ұйымдастырған Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыкалық фестивалі шымылдығын түрді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен жиналған 16 мен 35 жас аралығындағы шертпе күй дәстүрін меңгерген 45-ке жуық талантты домбырашылар жиналды. Фестиваль аясында Алматы қаласында «шертпе» дәстүріндегі  орындаушылардың қатысуымен «Домбыра» номинациясында шертпе дәстүріндегі үздік орындаушыларды анықтайтын конкурс өтеді.

Байқау 2 турдан тұрады, қатысушылар дәстүрлі «шертпе» мектебі өкілдерінің 5 шығармасын және қатысушының таңдауы бойынша қазіргі заманғы композитордың бір күйін орындайды.

Қатысушылардың өнер көрсетуін бағалау, сондай-ақ қорытындылар шығару және жеңімпаздарды айқындау үшін дәстүрлі өнер саласындағы қайраткерлерден қазылар алқасының құрамы бекітілген. Олардың ішінде Жанғали Жүзбай, Секен Тұрысбеков, Біләл Ысқақ, Мұрат Әбуғазы, Батыржан Мықтыбаев бар.

Конкурс үш негізгі кезеңнен тұрады.

1.      2022 жылғы 1 желтоқсанда фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі және конкурстың 1 - туры

2.      2022 жылғы 2 желтоқсан  конкурстың 2 - туры

3.    2022 жылғы 3 желтоқсан Финал және жеңімпаздар мен дипломанттарды марапаттау рәсімімен өтетін гала концерт.