ДАМУ
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы адам сүйектерін сатушы тұрақты тұтынушылары мен жұмысының ерекшеліктері туралы айтты. Ол The Guardian газетіне өмірінің басты құмарлығы жайлы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
22 жастағы Джон Ферри 18 жасқа дейін Тайландта өмір сүрген. Дәл сол жерде әкесі тышқанның қаңқасын сыйлағаннан кейін ол сүйектер мен бас сүйектерге қызығушылық таныта бастайды. Ерекше сыйлық сол кезде 13 жасар оны қорқытып қана қоймай, кейінірек жұмысқа айналған хобби табуға көмектесті. Ересек болған жас жігіт Нью-Йоркке көшіп, өнеркәсіптік дизайнды оқиды. Мектепте бос емес болса да, ол хоббиінен бас тартпай, жануарлардың қаңқаларын сатып алу және сату үшін JonsBones компаниясын құрады.
Бір күні Ферри антиквариат және қызықты заттар дүкеніне кіріп, сөрелердің бірінде адамның бас сүйегін көреді. Оның қызығушылық танытқаны сонша, ол дүкеннің иесі Майк Зонмен кездесуді шешті. Дүкен иесі келушіге сүйектерді медициналық университеттер мен зертханалардан алғаны жайлы айтып берген.
Дүкен иесімен сөйлескеннен кейін Джон JonsBones ассортиментін кеңейтіп, адам сүйектерін де сатуға шешім қабылдайды. Бұл оның бизнесін одан әрі табысты әрі ауқымды етті декге негіз бар. Өйткені ол сегіз қызметкерді жұмысқа алып, әлеуметтік желілерде жарты миллион ізбасарларын тартты. Ол әрбір заттың ақауы бар-жоғын тексереді. Сондай-ақ алушыларды да жақсылап зерттейді. Олардың сүйектерді зерттеу мақсатында қолданатынына көз жеткізгенде ғана алуға тұрарлық екенін шешеді. Сатып алушылардың Джорджия, Теннесси немесе Луизиана штаттарынан болмауы маңызды. Себебі ол штаттарда адам сүйектерін сату заңмен шектелген.
JonsBones-тің негізгі сатып алушылары медициналық оқу орындары мен іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізетін ұйымдар. Екіншіден, сүйектер қызметтік иттерді үйрету үшін қажет. Қаңқаның орташа құны шамамен 6,5 мың фунт (шамамен 3 700 000 теңге), ал жамбас сүйектерін 69 фунт (40 000 теңге) сатып алуға болады.
Ферридің айтуынша, болашақта ол сауданы тоқтатып, сүйекке қызығатын кез келген адамға кәдесый дүкені бар мұражай ашуды жоспарлап отыр. JonsBones-те бас сүйегіне ұқсас зергерлік бұйымдардың сынақ партиясы бар, олар да кәдесыйлар арасында ұсынылады.
«Мен және менің әріптестерім болашақ ұрпақ үшін бізге келетін үлгілерді сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деп түйіндеді Джон.