Әлем

Әлемдегі ең қымбат қала - Нью-Йорк: Тізімде Алматы бар ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Economist британ журналының талдау бөлімі ең қымбат қалалардың кезекті рейтингін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ВВС-ге сілтеме жасап.

2022 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша Нью-Йорк пен Сингапур көш бастады.

Өмір сүру аса қымбатқа түскен қалалар қатарында Мәскеу мен Санкт-Петербург те бар. Олар бірнеше ондаған позицияға көтерілді.

Рейтингті жасаған Economist Intelligence Unit әлемнің 172 ірі қаласында баға бір жылда 8,1% көтерілгенін атап өтті.

Бұл – журнал әлемдегі өмір сүру құны туралы деректерді жинаған соңғы 20 жыл ішіндегі ең үлкен көрсеткіш.

Нью-Йорк алғаш рет әлемдегі ең қымбат қалалар рейтингісінде көш бастады.

Бұл АҚШ-тағы жоғары инфляция мен доллардың жоғары бағамына байланысты болып отыр. Өткен жылы Тель-Авив бірінші орында болса, қазір ол үшінші орында тұр.

2022 жылғы әлемдегі ең қымбат қалалар:

1. Нью-Йорк

2. Сингапур

3. Тель-Авив

4. Гонконг

5. Лос-Анжелес

6. Цюрих

7. Женева

8. Сан-Франциско

9. Париж

10. Сидней

10. Копенгаген

Тізімдегі барлық қарастырылған қалалардың ішінде Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург мегаполистерінде үлкен өзгеріс байқалды.

Олар сәйкесінше бірден 88 және 70 позицияға ауысты (2022 жылғы жалпы рейтингте Ресей астанасы - 37, ал Санкт-Петербург - 73-орында).

Баяндама авторлары атап өткендей, капитал қозғалысын бақылау, импортты шектеу және еуропалық газ төлемдерін рубльге аудару Ресей валютасын нығайтуға көмектесті.

Сонымен қатар, Ресейдің өзінде баға 2022 жылдың ақпанында РФ-ға салынған санкцияларға байланысты көтерілді.

Зерттеу авторларының айтуынша, Мәскеудегі инфляция өткен жылмен салыстырғанда - 17%, ал Санкт-Петербургте - 19,4% құрады.

Ливияның Триполиі мен Сирия астанасы Дамаск – әлемдегі ең арзан қалалар.

Сондай-ақ олардың қатарында Қазақстанның ең ірі қаласы Алматы мен Өзбекстан астанасы Ташкент те бар.

Ең арзан қалалар:

161. Коломбо

161. Бангалор

161. Алжир

164. Ченнаи

165. Ахмедабад

166. Алматы

167. Карачи

168. Ташкент

169. Тунис

170. Тегеран

171. Триполи

172. Дамаск